Ұлт ұстазының мерейтойына дайындық талқыланды

2 Тамыз 2022, 09:01
1422
Бөлісу:
Ұлт ұстазының мерейтойына дайындық талқыланды

Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облыстық әкімідігінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына дайындық барысын пысықтайтын жиын өтті. 

Маңызды жиында облыстық мәдениет басқарма басшысы Ерлан Қалмақов, қоғамдық даму басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры Сейтбек Қуанышбаев, Жангелдин ауданының әкімі Шота Оспанов пен ұлт ұзтазының туған жерлерінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекемелердің өкілдері атқарлып жатқан іс-шаралардың барысы төңірегінде есеп берді. 

Қазір Ақкөл ауылында медициналық пункт құрылысы жалғасуда. Мұражайдың ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. А.Байтұрсынұлы ауылына дейін жалпы ұзындығы 107,6 шақырым аудандық маңызы бар «Шұбалан-Қарасу» автомобиль жолына жөндеу жүргізіліп жатыр. Оның 11,4 шақырымы қиыршық тасжабыны, 96,2 шақырымы топырақ жабыны болады, - дейді аудан әкімі Жангелдин ауданының Шота Оспанов.

Облыстың «оңтүстік» өңірлеріне Торғай жеріне оның ішінде Арқалық қаласына, Амангелді және Жангелдин аудандарына инвестиция тарту мақсатында «Қостанай облысының оңтүстік өңірлерінің инвестициялық картасы» интернет-порталын іске қосу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Интерактивті картада әр аймақ бойынша кеңейтілген ақпарат ұсынылады. Бұл ақпарат болашақ инвесторға өңірдің әлеуметтік-экономикалық сипаты, инфрақұрылым және әр ауданның экономикасын дамытудың басым салаларымен танысуға мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін осы аудандардағы 16 ауылға мобильді интернет  жақсартылады, - дейді облыс әкімі Архимед Мухамбетов. 

Ғылыми-мәдени және спорттық іс-шараларға дайындық жүріп жатыр. Торғай өңірінің белсенді жастарының қатысуымен «Жан жүрегім-Торғайым» атты жастар форумын өткізу жоспарланып отыр.

Жиын соңында облыс әкімі Архимед  қарамағындағы Мухамбетов облыстық басқармалардың басшыларына, Жангелдин ауданының әкіміне барлық жоспарланған жоба мен іс-шараларға жүрдім-бардым қарамай, сапалы әрі белгіленген уақытанда орындауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы