Ұландар Шымкенттегі "Данқ" мемориалына гүл шоқтарын қойды

21 Сәуір 2025, 12:56
1174
Бөлісу:
 Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжінің қоғаммен байланыс бөлімі
PHOTO
Фото: Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжінің қоғаммен байланыс бөлімі

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж ұландары Шымкент қаласы Абай саябағында орналасқан "Данқ" мемориалында соғыста қаза тапқан ата-бабаларымыздың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлы Отан соғысының жеңісіне биыл 80 жыл толып отыр. Бұл соғысқа қатысқан батырлардың ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.

Ұландар Шымкенттегі "Данқ" мемориалына гүл шоқтарын қойды

Жеңіс күні – біздің баршамыз үшін халқымыздың жанқиярлық ерлігімен, ер жүректілік пен төзімділіктің және қаһармандықтың символы. Ұлы жеңістің 80 жылдығы – бұл миллиондаған адам жанын қиып, қанымен қолға алған қасиетті жеңіс. Жеңістің 80 жылдығына бұл тек естелік емес, ол тағзым! Бұл күні Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың ерлігіне бас иіп, біз Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжі ұландарымен оларға алғыс айта келдік. Олардың ерлігі мәңгі! Батырлар ешқашан өлмейді, олар біздің жүрегімізге өмір сүреді, - дейді старшина Нұрман Ботабаев.

Ұландар Шымкенттегі "Данқ" мемориалына гүл шоқтарын қойды

Оның сөзінше, бұл іс-шара бүгінгі жастардың өз тарихын білуге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыруда тарихи кітаптарды оқуға қызықтыру мақсатында қолға алынған.

Ұлы Отан соғысының тарихы – тек жауынгерлік ерліктің шежіресі ғана емес, сонымен қатар халықтың теңдессіз табандылығы мен бірлігінің айқын көрінісі. Бұл – бейбіт өмір үшін жан аямай күрескен ұрпақтың ұлы мұрасы.

Ұландар Шымкенттегі "Данқ" мемориалына гүл шоқтарын қойды

Мемлекет басшысы 2023 жылдың 9 мамырындағы құттықтауында соғыс туралы естеліктің бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. Жас буын жеңістің қандай қиындықпен келгенін түсініп, оның қаншалықты қымбатқа түскенін білуі қажет. Бұл тарих – жауапкершіліктің, бірліктің және Отанға деген адалдықтың жарқын үлгісі, - дейді Нұрман Ботабаев.

Өзгелердің жаңалығы