Украинадағы жұмыссыздық деңгейі 20% құрады

14 Шілде 2023, 20:50
557
Бөлісу:
Украинадағы жұмыссыздық деңгейі 20% құрады

Бұл туралы мемлекеттік жұмыспен қамту орталығы мәлімдеді. Елде әсіресе әлеуметтік қызметкерлер тапшы. Салдарынан ел үкіметі медициналық және әлеуметтік саланың мамандарына мемлекеттік тапсырысты арттырмақ. Украинада еңбек нарығының жандана бастағанын елдегі ең ірі жұмыс беру және жұмысшы іздестіру сайтындағы қызу қарбаластан бағамдауға болады. Бүгінде ворк.ua сайтында 94 мың бос жұмыс орны жарияланған. Ресми ақпарат бойынша, дәл қазір Киевте 3,6 млн адам тұрып жатыр. Ел үкіметі жұмыссыздық деңгейі 20% болғанымен, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 18%-ке түседі деп болжап отыр. Еңбек нарығында әлеуметтік саладағы маман тапшы. Денис Шмыгаль, Украинаның үкімет басшысы: - Қазіргі таңда мемлекетімізге реабилитолог, психолог және әлеуметтік қызметкерлер аса қажет. Бұл 2023 жылы мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыста міндетті түрде ескеріледі. Денсаулық сақтау министрлігі үшін бюджеттік орындарды мыңнан асыру бекітілді. Сондай-ақ біз әлеуметтік қызметкерлерді қабылдау үшін бюджеттік орындарды көбейтеміз. Айте кету керек, 2022 жылы бұл елдегі жұмыссыздық деңгейі 40 % болған еді. Яғни, 1 бос орынға орта есеппен 100 адам таласқан, қазір жағдай аз да болса оңалды, - дейді сарапшылар.

Өзгелердің жаңалығы