Украина мен Ресей ымыраға келе бастады

13 Наурыз 2022, 15:50
9396
Бөлісу:
Украина мен Ресей ымыраға келе бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина президенті Кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Ресей мен Украина келіссөздер процесінде ымыраға жақындағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сонымен қатар ол Ресей мен Украина Президенттері барлық процедуралық мәселелер шешіліп, келіссөз жүргізушілер мен екі елдің СІМ басшылары өз жұмыстарын аяқтаған кезде кездесуі мүмкін деп санайды.

Кеңесшінің айтуынша Мәскеу қақтығыстар туралы түсінігін өзгерткен. 

Бізде мүдделерді қандай да бір жолмен қорғайтын, Украинада мұндай жағдайлардың қайталанбауы туралы барлық ұсыныстар бар, – деп атап өтті Украина делегациясының мүшесі.

Қазір тараптар атысты тоқтату шарттарын, Украинаның қираған инфрақұрылымына келтірілген залалды өтеу мәселесін, Ресей әскерлерінің елден шығу процесін және бейбіт келісім шарттарын талқылап жатқанын айтты.

Қазір мұның бәрі шартты жұмыс топтарында, құқықтық форматтарда жүргізілуде. Қорытынды құжаттар қалай көрінуі мүмкін екендігі талқыланады. Өйткені оларға қол қою қажет болады, — деп қосты ол.

Сондай-ақ жақын арада келіссөздердің төртінші раунды өтетінін айтты. Бұған дейін Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің үш раунды 28 ақпанда, 3 және 7 наурызда өткен болатын. Олардың нәтижелері бойынша тараптар бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық дәліздер құруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы