Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі басталды

2 Қаңтар 2025, 14:26
373
Бөлісу:
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі басталды

Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, өткен 2024 жыл бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді "ҮЕҰ дерекқорына" ұсыну мерзімі басталғанын еске салды.

"Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңның 41-бабының 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылады.

ҮЕҰ дерекқорында" болу Қазақстандағы отандық және шетелдік ҮЕҰ қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ азаматтарға, түрлі ұйымдарға (донорларға) және мемлекеттік органдарға үкіметтік емес ұйымдардың қызықты және табысты жобаларымен танысуға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.

"ҮЕҰ дерекқорына" мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт.

Сіз өз ұйымыңыздың қызметі туралы мәліметтерді "ҮЕҰ дерекқорының" интернет-порталы арқылы жібере аласыз.

Өзгелердің жаңалығы