Үкімет сайлауды ашық әрі әділ өткізуге ниетті – СІМ

15 Қараша 2022, 13:12
957
Бөлісу:
Үкімет сайлауды ашық әрі әділ өткізуге ниетті – СІМ

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді шетелдік дипломатиялық корпусқа арналған бірлескен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Президентікке кандидаттар тек саяси партиялардың өкілдері ғана емес, сонымен қатар әртүрлі қоғамның мүдделерін білдіретін түрлі қауымдастықтардың өкілдері. Бір қызығы, біздің тарихымызда алғаш рет президенттік сайлауға екі әйел кандидат қатысып отыр. Бұл – Қазақстанның демократиялық дамуындағы тағы бір маңызды қадам. Көптеген жыл бойы Қазақстан гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдердің бизнес пен саясаттағы рөлін арттыру бойынша нақты қадамдар жасап келеді. Біз қазір бұл күш-жігердің кейбір жемісіне куәгер болып отырмыз. Әрине, егер елімізде дауыс беру азаматтардың пікірлерінің шынайы көрінісі болған жағдайда ғана сайлаудың нәтижесі сайланған көшбасшының нақты және күшті мандатын қамтамасыз ететіні айтпаса да түсінікті, - деп атап өтті Сыртқы істер министрі.

Сонымен қатар ведомство басшысы Үкіметтің сайлауды әділ өткізуге ниетті екенін жеткізді. 

Осылайша, Үкімет сайлауды ашық, әділ өткізуге ниетті, - деді Мұхтар Тілеуберді. 

Өзгелердің жаңалығы