Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үкімет көмірден жаңа өнім жасамақ

5 Мамыр 2025, 11:42
1225
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстанда көмір-химиясы секторын дамыту жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еліміздің ауқымды көмір қорларын ескере отырып, бұл  бағытта даму – шикізаттық модельден  бас тарту мен қосылған құнды арттырудың негізгі жолы. Бұл мәселе бойынша өндірісі жоғары дамыған қытайлық инвесторлармен, атап айтқанда China Energy және East China Engineering and Technology сияқты ірі компаниялармен жұмыстар жүргізіліп жатыр, – дейді министр.

Сонымен қатар Нағаспаевтың сөзінше, бүгінде көмір-химиясын дамытудың Жол картасы әзірленген. Оның шеңберінде отандық ірі көмір өндіруші кәсіпорындар мен ғылыми институттар көмірді терең өңдеудің озық технологияларын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы