Үкімет басшысы министрліктерге тапсырма берді

7 Маусым 2022, 11:36
1698
Бөлісу:
Үкімет басшысы министрліктерге тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, мол өнім алуға мүмкіндік беретін агротехнологиялық талаптардың сақталуын ерекше бақылауда ұстасын. Сондай-ақ өңір әкімдіктері Ауыл шаруашылығы, Сауда министрліктерімен бірлесіп, өсімдік шаруашылығы өнімдерін жеткізуге алдын-ала келісім-шарттар жасауды қамтамасыз етсін, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сонымен қатар ол мемлекеттік қолдау шараларына тоқталды. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдіктері агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру бойынша жоспарланып отырған өзгерістерді бизнестік қоғамдастықпен егжей-тегжейлі талқыласын. Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, «Азық-түлік корпорациясына» форвардтық шарттар аясында астық көлемін уақтылы жеткізу бойынша ауыл шаруашылығы өндірушілерінің   міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етсін. Өздеріңіз білетіндей, бұл қор кейін ішкі нарықты астықпен қамтамасыз ету үшін керек, - деді Әлихан Смайылов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы елімізде биыл жаңа өнім жинағанша жететін астық қоры бар екендігін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы