Үкімет басшысы локдаунға қатысты тапсырма берді

18 Тамыз 2021, 11:09
6024
Бөлісу:
Үкімет басшысы локдаунға қатысты тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин айтты. Үкімет басшысы халықтың шектеу шараларын сақтауды бақылау жалғастырылуы тиіс екендігін ескертті.

Осы мақсатта өңірлердегі мониторингтік топтардың мөлшері көбейтілген көрінеді.

Халық арасында шектеу шараларының сақталуын бақылау жалғасын табуы тиіс. Сол үшін өңірлерде мониторингтік топтардың мөлшері ұлғайтылды. Енді олардың жұмысының тиімділігін күшейту керек. Барлық аймақ пен мемлекеттік органдарға вакцинаның қажеттілігі туралы ақпараттық жұмысты кеңейтуді тапсырамын. Демалыс күндері «қызыл» аймақтарда локдаун сақталуы тиіс, - деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ жағдайды бақылауға алуды Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой демалыс күндері локдаун сақталуы тиіс деген ұсынысты алға тартқан болатын. Ал Премьер-министр бірқатар облыста вакцина қарқынын күшейту керектігін айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы