Демалыс күндері локдаун сақталуы керек – Цой

18 Тамыз 2021, 10:32
4618
Бөлісу:
Демалыс күндері локдаун сақталуы керек – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Ол демалыс күндері локдаун сақтауды ұсынды.

Бұл бәрінен бұрын еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды әрі қарай тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін қажет деп отыр.

Сондай-ақ коронавирус инфекциясымен аурушаңдықтың өсуіне және өлім-жітімнің көбеюіне жол бермеуді қамтамасыз ету үшін ұсыныс бар. «Қызыл» және «қоңыр-қызыл» аймақ болып табылатын өңірлерде демалыс күндері локдаун сақталуы тиіс, - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі реанимацияға түсудің алдын алу үшін не істеу керектігін айтқан болатын.

Себебі алғашқы тәулікте реанимация бөліміне түскен пациенттердің салыстырмалы үлесі 40%-дан асатын көрінеді.

Бұған барынша агрессивті «дельта» штамм, пациенттердің өзін-өзі емдеумен айналысуы және медициналық көмекке кеш жүгінуі себеп болып отырғандығы айтылды.

Өзгелердің жаңалығы