Үкімет басшысы бірқатар облыста вакцина салу қарқынын күшейтуді тапсырды

18 Тамыз 2021, 10:50
3725
Бөлісу:
Үкімет басшысы бірқатар облыста вакцина салу қарқынын күшейтуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин айтты. Оның айтуынша, еліміздің төрт өңірінде вакцинация қарқынын біршама күшейту қажет көрінеді.

Олар: Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары.

Еліміздегі жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 6,1 млн адамнан асты, екінші компонент 4,8 млн-нан астам адамға салынды. Түркістан облысы және Алматы мен Шымкент қалаларында вакцина салу қарқыны жақсы екенін атап өту қажет. Ал Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында вакцина салу қарқынын күшейту керек, - деді Үкімет басшысы.
Айта кететін жайт, Маңғыстау облысында вакцинаның ІІ компонентімен қамтылғандар мөлшері 25,1%-ға тең. Ал бұл көрсеткіш Қостанай облысында 43,1%-ды, Атырау облысында 40,7%-ды, Батыс Қазақстан облысында 40,3%-ды құрап отыр.
Өзгелердің жаңалығы