Уханьдық ғалымдар жарғанаттардың вирус тасымалдауы 2017 жылы басталғанын мойындады

19 Қаңтар 2021, 06:19
1929
Бөлісу:
Уханьдық ғалымдар жарғанаттардың вирус тасымалдауы 2017 жылы басталғанын мойындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Уханьдық институт ғалымдары үңгірде үлгі жинап жүрген кезде оларды коронавирус инфекциясы бар жарғанаттар тістеп алғанын мойындады. Бұл туралы Taiwan News басылымындағы мақалада айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басылым 2017 жылы қытайлық CCTV телеарнасы түсірген сюжетті жариялады. Видеода ғалымдар жарғанаттармен маскасыз және қолғапсыз ДДСҰ-ның ережелерін өрескел бұзып жұмыс істеген. Сол кездің өзінде сүтқоректілер түрлі жұқпалы вирусты тасымалдаушы екені белгілі болған. 

Зерттеушілердің бірі оны жарғанат тістеген кезде, ол резеңке қолғапты «ине сияқты» тесіп жатқанын сезгенін айтады. Одан кейін ғалым бұған құтыруға қарсы екпе салдырғандықтан мән бермеген. 

Мемлекеттік арна сюжетінде әйгілі вирусолог Ши Чжэнлидің SARS-тың шығу тегі туралы зерттеу жұмыстарын қалай жүргізетіні туралы айтылды. Кадрлар биоқауіпсіздіктің төртінші деңгейіндегі зертханаларда да ғалымдар қажет қорғаныссыз зертхана жарғанаттармен жұмыс істеген, оларды қолғапсыз ұстаған. 

Сондай-ақ, басылым China Science Exploration мақаласынан үзінділер келтіреді, онда Ши Чжэнли оның жұмысы «көптеген адам ойлағандай қауіпті емес» екенін және «адамның жарғанаттан жұқтыру ықтималдығы өте аз» екенін айтқан.

Өзгелердің жаңалығы