UFC. Шавкат Рахмонов пен Ислам Махачевтің жекпе-жегі болуы мүмкін бе?

16 Желтоқсан 2023, 19:22
621
Бөлісу:
UFC. Шавкат Рахмонов пен Ислам Махачевтің жекпе-жегі болуы мүмкін бе?
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94/

UFC файтері Шавкат Рахмонов жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Ислам Махачев арасындағы жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін болуы мүмкін жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ислам – чемпион және UFC мүдделі болса, жартылай орта салмақтағы белбеу үшін күресуі мүмкін. Бірақ бастысы, ол кейін 77 келідегі белбеуді қорғайды. Егер ол чемпион атанса, белбеуді қорғайды немесе босатады. Махачевпен жекпе-жек өткіземіз бе? Көреміз. Мен асыққым келмейді. Мүмкін кездесерміз, мүмкін кездеспейтін шығармыз. Біз мұны әлі білмейміз. Оны уақыт көрсетеді, - деді Рахмонов.

Өзгелердің жаңалығы