UFC. Исмағұлов Царукянмен жекпе-жек өткізуге неге келіскенін айтты

3 Қазан 2022, 13:51
1978
Бөлісу:
UFC. Исмағұлов Царукянмен жекпе-жек өткізуге неге келіскенін айтты

Ресей атынан шығып жүрген қазақ файтері Дамир Исмағұлов отандасы Арман Царукянмен жекпе-жек өткізуге неге келіскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Fightwave.ru сайтына сілтеме жасап.

Басында кез келген адаммен төбелесуге дайын екенімді айтқанмын. Менеджеріміз бір ме, бір залданбыз ба - маңызды емес. Меніңше, бәрі бір-бірімен төбелесуі керек, – деді Исмағұлов «Вестник ММА» Youtube-каналына берген сұхбатында.

Дамир Исмағұлов пен Арман Царукян жекпе-жегі 18 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC Fight Night турнирі аясында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы