ҮЕҰ үшін шағын гранттарға конкурс жарияланды

27 Тамыз 2021, 20:20
2155
Бөлісу:
ҮЕҰ үшін шағын гранттарға конкурс жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҮЕҰ үшін мемлекеттік емес грант беруге конкурс жариялады.⠀

"Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры" ЖҚ-ның қолдауымен жыл сайын өткізілетін "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығы аясында шағын гранттар жобасын іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік емес грант беру конкурсы басталды.

Мемлекеттік емес гранттың мақсаты – 30 шағын грант жобасын іске асыру арқылы «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына қатысушы мұғалімдерге Қазақстанның жалпы білім беретін оқу орындарында оқушылардың жан-жақты дамуы мен жаһандық азаматтықты дамытуға жағдай жасау бойынша көмек көрсету және қолдау көрсету - дейді орталық мамандары.

Өтінімдер 25 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында қабылданады. Өтінім беру үшін толығырақ ақпаратты мына жерден білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы