Ақмола облысында ТЖМ құтқарушылары оттан 2 газ баллонын алып шықты.
Шортанды ауданы Шортанды кентінде жеке тұрғын үй аумағында гараж жанды.
Өрт сөндірушілер оттың таралуына жол бермеді, сондай өттан екі газ және бір оттегі баллондарын шығарды.
Өрт 40 ш.м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, жағдайды өртке жеткізбеуге шақырады!