ТЖМ: Ақтөбе облысындағы еріген қар суы бойынша жағдай тұрақты

25 Наурыз 2024, 22:08
406
Бөлісу:
ТЖМ: Ақтөбе облысындағы еріген қар суы бойынша жағдай тұрақты
Фото: видеодан кадр

Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарқұдық ауылында Мұқан шоқыларынан келген қалың қар мен судың көптігінен еріген су жайылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Су ағыны ауылдың арық жүйесіндегі өзен арналарының жағасынан шыққандықтан, елді мекеннің ішіндегі жол жамылғысын бойлай ағып өтті. Бір күн бұрын облыстық төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдар 50 метр сайын инертті материалдарды төсеген. Жағалауды нығайту құрылыстары салынды, - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта еріген қар суы жол төсемінің бойымен ағып жатыр. Су басқан үйлер жоқ. Су 30 см-ге дейін төмендегені белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы