ТЖ жарияланды. Екібастұзда өрт салдарынан сорғы стансасы 270 млн теңге шығынға ұшырады

31 Тамыз 2021, 12:16
2812
Бөлісу:
ТЖ жарияланды. Екібастұзда өрт салдарынан сорғы стансасы 270 млн теңге шығынға ұшырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт салдарынан №2,3,4,5 сорғы стансасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 29 тамызда «Сәтбаев арнасы» ШЖҚ РМК филиалының №2 сорғы стансасында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Сорғы Екібастұз қаласынан 35 км қашықта орналасқан.
Оқиға орнына келген кезде төрт деңгейлі темір бетон сорғы ғимаратының 3-ші және 4-ші деңгейде сегіз ұяшықтан тұратын бақылау-тарату құрылғысы, ағаш есік, жалпы алаңы 150 ш.м. ағаш қабырғалардың қаптамасы, 100 бума метр оқшаулау күштік кабелінің жануы анықталды, - дейді департаментте.
30 тамызда өрт салдарынан бірнеше агрегат істен шыққан. Материалдық шығын 270 млн теңгені құрады. Осыған байланысты 31 тамызда Екібастұз қаласы әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық комиссияның кезектен тыс отырысын өткізіп, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау жоспарланған. Кейіннен қаулыны Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сорғыны жөндеуге қаржы бөлу туралы жолданады.

Сорғы стансасының басшысы В. Егердің айтуынша, жөндеу жұмыстары шамамен 10 күнге созылады, елді мекендерге қауіп төнбейді. Қазіргі уақытта Екібастұз су қоймасында 17 млн текше су, Екібастұз қаласының суды тұтынудың айлық нормасы - 1,7 млн текше. Қарағанды облысы үшін де қауіп жоқ.
Өзгелердің жаңалығы