ТЖ вице-министрі Жамбыл облысындағы көктемгі дайындық жұмыстарымен танысты

25 Ақпан 2022, 20:44
1669
Бөлісу:
ТЖ вице-министрі Жамбыл облысындағы көктемгі дайындық жұмыстарымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі полковник Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков Жамбыл облысына жұмыс сапары кезінде қалалық өрт сөндіру бөлімдерінде болып, жеке құрамның тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Марат Мұхаметқалиұлы облыстық ТЖД және оның ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жарағындағы техника мен жабдықтардың көктемгі кезеңге дайындығы мен жай-күйін тексерді. Жамбыл облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ермек Жамбылұлы Момбаевқа жеке құрам мен техниканың көктемгі кезеңде облыста, әсіресе тау бөктеріндегі аудандарда туындайтын төтенше жағдайларды жоюға толық әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Қызметінің мәжіліс залында Жамбыл облысы ТЖ департаментіне Ту табыс ету рәсімі өтті.

ТЖ вице-министрі Жамбыл облысындағы көктемгі дайындық жұмыстарымен танысты

Туды Қазақстан Республикасының ТЖ вице-министрі Күлдіков Марат Мұхаметқалиұлы Жамбыл облысы  Төтенше  жағдайлар департаментінің бастығы полковник Момбаев Ермек Жамбылұлына  табыстады. 

ТЖ вице-министрі Жамбыл облысындағы көктемгі дайындық жұмыстарымен танысты

Салтанатты түрде өткізілген Ту тапсыру рәсімінен соң Марат Мұхаметқалиұлы сөз сөйледі. 

Ту азаматтық қорғау қызметінің абыройы мен мақтанышының ресми символы болатынын және адам бойында ар-намыс пен ождан секілді жоғары қасиеттерді қалыптастырады. Біз сүйетін және бағалайтын Отанымыз Қазақстандай мемлекетіміз, мақтан тұтатын және қауіпсіздігін қорғайтын халқымыз бар. Құтқарушылар әрдайым халықты түрлі сипаттағы тілсіз жау саналатын төтенше жағдайлардан қорғау жолында аянбай күресіп келеді және әрқашан осылай болатынына мен бек сенімдімін. Халық игілігі жолында ерік-жігері мен күш-қуатын сарқа пайдаланып келе жатқан жеке құрамға ерекше төзімділіктері мен батылдық қасиеттері үшін алғысымды білдіргім келеді. Еліміздің одан әрі дамуыжолында атқарған қызметтеріңізге толаған табыстар тілеймін!, - деп атап өтті Марат Мұхаметқалиұлы.

Мұнан әрі сөз алған Ермек Жамбылұлы «жауынгерлік ту тапсыру сәті– бұл тарихтан ойып тұрып өз орнын алуға тиіс ерекше сәттердің бірі» деп атап көрсетті. Ол сондай-ақ өз сөзінде Төтенше жағдайлар департаменті халықты түрлі сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жолындағы жемістіеңбегін одан әрі арттыра түсетіндігін баса айтып, көпшілікке еңбекте табыс тіледі.   

Гарнизонның жеке қатардағы құрамымен әңгімелесу барысында вице-министр министрлік басшылығының жалақыны арттыру, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту, қызметтердің материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелері бойынша қабылдаған шаралары туралы айтып, толғандыратын сұрақтарға толық жауап берді.

Іс-шара соңында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі жеке құрамға ерен еңбегі, батылдығы мен кәсібилігі үшін алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы