ТЖ. Митингте жүкті әйел зардап шекті – Ажар Ғиният

18 Қаңтар 2022, 18:38
1513
Бөлісу:
ТЖ. Митингте жүкті әйел зардап шекті – Ажар Ғиният

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Сондай-ақ ол төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап қанша адам медициналық көмекке жүгінгеніне тоқталды.

Өңірлердегі денсаулы сақтау басқармаларының шұғыл деректеріне сүйенсек, елде төтенше жағдай енгізілгеннен бері елдегі тәртіпсіздіктер салдарынан 2 739 адам медициналық көмекке жүгінген. Бүгінде 200 адам стационарлық ем қабылдауда. Жазылып шыққандары әрі қарай амбулаториялық емделіп жатыр. 14 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Төртеуі – Алматыда, біреуі – Алматы облысында, бесеуі – Қызылорда облысында, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Сондай-ақ ол   реанимацияда жатқан 2 науқастың қайтыс болғанын айтты.

Медициналық ұйымдарда 177 адам қайтыс болған. Қолда бар дерек бойынша, митингке қатысқан 1 жүкті әйел зардап шеккен. Ол Талғар аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер құтқарып қалды. Алматыда 5 және 12 жастағы 2 бала қайтыс болды деген мәлімет бар, - деді еліміздің бас дәрігері.

Өзгелердің жаңалығы