ТЖ кезінде Ұлттық банк жедел қызмет ете білді – Әлия Молдабекова

14 Қаңтар 2022, 14:04
1593
Бөлісу:
ТЖ кезінде Ұлттық банк жедел қызмет ете білді – Әлия Молдабекова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова хабарлады. Оның айтуынша, 2021 жыл оңай болмаған.

Сонымен қатар 2022 жылдың басталуы бүкіл Қазақстан мен оның қаржы нарығы үшін күтпеген оқиғаларға толы болғанын алға тартты.

Төтенше жағдай кезінде Ұлттық банк халық үшін банктік қызметтерді, ақша және валюта нарығының жұмыс істеуін жедел қалпына келтіре алды.  Елдегі жағдай тұрақтанған алғашқы күннен бастап Ұлттық банк қаржы нарығының қалыпты жұмыс істеуін қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады, - деп атап өтті Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар ол осы бағытта қандай шаралар қабылданғанына тоқталды.

Біріншіден, 7 қаңтардан бастап халыққа арналған негізгі банктік қызметтер кезең-кезеңімен қалпына келтірілді. Екіншіден, 10 қаңтардан бастап ақша және қор нарықтарындағы операциялар қайта қалпына келтірілді. Ұлттық банк өтімділікті ұсыну және алу бойынша ЕДБ-мен күн сайынғы операцияларды қайта бастады. Банк секторының өтімділік тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Ұлттық банк репо және своп нарығында өтімділікті барынша ұзақ мерзімге: 7, 30 және 90 күнге ұсынуға кірісті, - деді Әлия Молдабекова.

Өзгелердің жаңалығы