ТЖ кезінде 80-нен астам ұйымның волонтерлік бастамасын біріктірдік - Вера Ким

22 Шілде 2020, 13:07
1015
Бөлісу:
ТЖ кезінде 80-нен астам ұйымның волонтерлік бастамасын біріктірдік - Вера Ким

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Карантин кезеңіндегі волонтерлік қызмет туралы" өткен онлайн брифиг кезінде "Ұлттық еріктілер желісі" ЗТБ төрағасы Вера Ким айтты.

Еріктілер – коронавируспен күрес жолында дәрігерлер мен құқық қорғау саласы мамандарымен қатар аянбай еңбек еткен, ешбір қаржылық қолдаусыз мұқтаж жандарға көмектесуге асыққан нағыз батырлар. 2010 жылы құрылған "Ұлттық еріктілер желісі" 36 қалада 80-нен астам ұйымның волонтерлік бастамасын біріктіреді. Елімізде коронавирус пандемиясы басталған сәтте біз Қазақстан бойынша барлық волонтерлік бастаманы біріктіріп, жедел желіні іске қостық. Ондағы мақсат – халықтың не нәрсеге мұқтаж екенін анықтау болды. Бізге көмек сұрап хабарласқан халық көп болды, сондай-ақ, өзін еріктілер қатарына қосуды сұрағандар да өте көп еді. Еріктілер азық-түлік, керек-жарақты жекелей бөлуден бастап, оны тиісті адамға жеткізіп беруге дейінгі жұмысты өздері атқарды. Әрине, еріктілердің барлығы жеке қорғаныш заттарымен (маска, қолғап, антисептик, қажет болған жағдайда қорғаныш костюмі) қамтамасыз етілді, арақашықтық ережесі мұқият сақталды, - деді ол.

Вера Ким жедел желіге түрлі кәсіп иелерінен де қоңырау үздіксіз қоңырау түскенін атап өтті. 

Бізге шағын және орта бизнес иелері, түрлі өндіріс орындары хабарласып жатты. Әсіресе, төтенше жағдай кезінде нан өнімдерін шығаратын өндіріс өте көп мөлшерде нан пісіріп, ол мұқтаждарға лезде таратылды. Сонымен қатар, еліміздің әр түкпіріндегі түрлі дүкендер желісінен де халыққа қол ұшын созғандар көп болды. Тағы бір айта кететін жайт, өз басындағы жағдай мәз емес болса да, "менен де жағдайы нашарлар бар, соларға болсын" деген азаматтардың шыққаны жүректі елжіретеді,  - деді Ким.

Өзгелердің жаңалығы