ТЖ: Елде азық-түлік қоры жеткілікті

7 Қаңтар 2022, 10:45
1068
Бөлісу:
ТЖ: Елде азық-түлік қоры жеткілікті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде азық-түлік қоры жеткілікті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын талдау департаментінің басшысы Рашид Джурабеков мәлімдеді.

Қазіргі уақытта барлық өңірде сауда саласындағы жағдай тұрақты. Тонау салдарынан зардап шеккен Алматы, Талдықорған, Орал, Шымкент және Тараз қалаларында бірқатар сауда объектілерін қоспағанда сауда объектілерінің жұмысы штаттық режимде жалғасып жатыр, - деді ол.

Департамент басшысы елде азық-түлік қорлары жеткілікті екенін атап өтті.

Азық-түлік өнімдерін үздіксіз жеткізу үшін барлық қажетті жағдайды сауда объектілері жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жасайды. Азық-түлік тапшылығына алаңдауға негіз жоқ. Сондай-ақ сауда объектілерінің қызметінде тамақ өнімдеріне баға белгілеу кезінде алыпсатарлыққа жол берілмейді, - деп толықтырды Рашид Джурабеков.

Өзгелердің жаңалығы