Түзеу мекемесінің қызметкері өрттен 6 адамды құтқарды

2 Қаңтар 2024, 00:20
554
Бөлісу:
Түзеу мекемесінің қызметкері өрттен 6 адамды құтқарды
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстанда түзеу мекемесінің қызметкері өртеніп жатқан үйден 6 адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, олардың арасында кішкентай бала да бар.

1 қаңтар күні шамамен сағат 13:21-де СҚО, Булаево ауылы, Целинная көшесі 7 мекен-жайында орналасқан екі қабатты тұрғын үйден өрт болғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Тексеру барысында пробация аға лейтенанты Ғалымжан Байбусин үй тұрғындарына көмек көрсетіп, түтін басқан үйден 6 адамды алып шықты, оның ішінде кішкентай бала да бар. Сонымен бірге офицер өртті оқшаулауға көмектескен. Өрт салдарынан пәтердегі терезе саңылауы зақымдалды. Өрттің жалпы ауданы 12 шаршы метрді құрайды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Түзеу мекемесінің қызметкері өрттен 6 адамды құтқарды
Фото: Polisia.kz

Өрттің алдын-ала себебі – стокерге жақын орналасқан пластикалық терезенің тұтануы екендігі айтылды.

Өзгелердің жаңалығы