Тұтынушылардың құқықтары қалай қорғалады

28 Мамыр 2024, 11:52
246
Бөлісу:
Тұтынушылардың құқықтары қалай қорғалады
Фото: ОКҚ

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 50 866 өтініш түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Комитет тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тұрақты түрде келген өтініштерге талдау жасап, мониторинг жүргізеді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков мәлімдеді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Комитет пен аумақтық департаменттер 50 866 өтінішті қарады, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 168,6%-ды құрады (2022 жылы 12 айда 30167 өтініш келіп түсті). Келіп түскен өтініштердің жалпы санынан 22 035 немесе 43,3% тұтынушыларға құқықтық көмек көрсетілді. Ал, 19 095 немесе 37,5% - тұтынушылардың талаптары қанағаттандырылды. Сондай-ақ, 8847 немесе ӘРПК шеңберінде бірлескен жұмыс жүргізу үшін құзыреті бойынша бейінді мемлекеттік органдарға жіберілді, - дейді спикер.

Асқар Тынысбеков үлес салмағы бойынша ең жиі өтініш түсетін қызмет түрін де атады.

2023 жылы үлес салмағы бойынша ең көп өтініштер бөлшек саудада – 36,5%, электрондық сауда –15,2%, тұрмыстық қызметтер – 12,7%, ТКШ (тұрғын үй коммуналдық шаруашылық) – 9,1%, байланыс қызметтері 4,1% келіп түсті. Бұл шағыамдарға жүргізілген талдау, кәсіпкерлер тарапынан тұтынушылардың құқықтарын бұзудың өскенін, бизнестің сапасыз тауарларды сатуын, сондай-ақ сапасыз жұмыстар мен қызметтер көрсетуін, сонымен қатар халықтың тұтыну мәдениетінің өскенін көрсетеді. Тұтынушылардың келіп түскен өтініштері негізінде аумақтық департаменттер мемлекеттік бақылауды жүзеге асырды. Осылайша, 551 жоспардан тыс тексеру және 130 профилактикалық бақылау шаралары жүргізілді, өткен жылмен салыстырғанда тексерулер санының өсуі 466,4% құрады, - деді Асқар Тынысбеков.

Өзгелердің жаңалығы