ТҰСАУКЕСЕР. #OL – JAS: Мектептегі әлімжеттік. «черт» болғым келмейді (Видео 360')

26 Сәуір 2022, 12:25
3263
Бөлісу:
ТҰСАУКЕСЕР. #OL – JAS: Мектептегі әлімжеттік. «черт» болғым келмейді (Видео 360')
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде балалар арасындағы әлімжеттік тақырыбы әлі де өзекті. Әлеуметтік желіге назар салсақ, бірін-бірі ұрып-соққан, аузына келгенін айтып, төбелесе кеткен бейнелер көп. Тіпті кейбірінің соңы суицидке дейін апарған. 

Буллинг әлімжеттікті қандай бала көрсетеді? Балаңызға біреудің жәбір көрсетіп жүргенін қалай біле аласыз? Жәбірленуші неге ата-анасына айтпайды? Оқушы өзін қалай ұстауы керек? Баланың келешегіне ата-ана тәрбиесінің рөлі қандай? Буллингтің қалай алдын алу қажет? 

Бүгінгі жобамызда психоаналитик Жанат Досжанова және журналист Санат Ілияспен осы мәселені сарапқа салдық. 

Ol – jas подкасты – еліміздің жастарының еркін пікір айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерге көзқарасын білдіретін ой алаңы. 

Оқырманға ескерту: Жоба толықтай 360 градус камераға түсірілген, youtube-те өзіңізге ыңғайлы ракурста немесе арнайы көзілдірікпен көруіңізге болады.

Видео: Рысбек КУШЕКОВ
Өзгелердің жаңалығы