Түркиядағы зілзалада жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды

8 Ақпан 2023, 20:02
1063
Бөлісу:
Түркиядағы зілзалада жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды
Фото: www.aa.com.tr

Түркияда жер сілкінісі кезінде үйінді астында қалған Сәбина Мамадьярова аман-есен табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

7 ақпанда ҚР СІМ «жедел желісіне» 4 дос жер сілкінісінен кейін байланысқа шықпайтыны туралы қоңырау түсті. Олардың үшеуі - ҚР азаматтары, ал төртіншісі Түркия азаматы. Жоғалған жастардың соңғы орналасқан жерін туыстарынан біліп, біздің дипломаттарымыз дереу түрік билігіне хабарласты. Қазақстанның Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркияның Ішкі істер министрлігінің басшылығымен келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде Хатай провинциясының Антакья қаласындағы аталған мекен-жай бойынша құтқарушылар тобы жіберілді. Қазір отандастарымызды соңғы рет көрген үйде іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда. Әзірше Сабина Мамадьярова мен олардың түрік досы Кубилай Кескин табылды. Екеуі де аман-сау, оларды дәрігерлер тексеруі керек. Жұмыс жалғасуда. Қалған жігіттер де аман-есен табылады деп үміттенеміз, - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Еске сала кетейік, бұған дейін түрік елінде орын алған жер сілкінісінде қазақстандық азаматтардың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Қазақстандағы Түркияның Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи бұл мәлімет ресми болмағанымен, әлеуметтік желілерден жеткізген айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы