Түркиядағы зілзала. 7 мыңнан астам адам қаза болды - елші

8 Ақпан 2023, 15:04
1972
Бөлісу:
Түркиядағы зілзала. 7 мыңнан астам адам қаза болды - елші
Фото: автордан

Бұл туралы Түркияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи елшілікте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, соңғы рет Түркияда мұндай жер сілкінісі 100 жылға жуық уақыт бұрын болған. 

Өздеріңіз білетіндей, Түркияның Кахраманмараш провинциясындағыдай зілзала соңғы рет 1939 жылы, яғни 84 жыл бұрын орын алған. Қазіргі уақытта жер сілкінісінің салдарын жоюға 100 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Олардың қатарында төтенше жағдайлар министрлігі, полиция қызметкерлері, еріктілер бар. Шетелден де көмек келуде. Зілзаладан соң қираған үйлерден адамдар эвакуацияланып, елдегі қонақүй, жатақханаларға орналастырылды, - деп атап өтті Төтенше және өкілетті елші. 

Түркиядағы зілзала. 7 мыңнан астам адам қаза болды - елші

Белгілі болғандай, табиғи апаттан опат болғандар саны артқан. 

Менің қолымда бар соңғы деректерге сүйенсем, 5775 ғимарат қираған, 7108 адам қайтыс болған. 40910 адам жаралы. 92730 адам үйсіз қалды. 
123400 орынға жатақхана дайындалды. Зілзала аймағындағы отандастарымыз үшін далада ыстық тамақ пісіретін орындар әзірленді. Олар әлі 3, 5 немесе 7 күн адамдар осындай жағдайда тұруға мәжбүр, - деді Уфук Экиджи.

Өзгелердің жаңалығы