Түркиядағы жер сілкінісі. Қаза тапқандар саны 76 адамға жетті

6 Ақпан 2023, 11:00
1979
Бөлісу:
Түркиядағы жер сілкінісі. Қаза тапқандар саны 76  адамға жетті
VIDEO
Фото: TRThaber

Түркияның жеті провинциясында жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 76 адамға дейін өсті, тағы 440 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Сирияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 99-ға дейін өсті, 330-дан астамы зардап шекті.

7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясында сағат 4:17-де болған, салдырынан бірқатар қалада ғимараттар қираған. Сондай-ақ Сирияның бірнеше аймағы да зардап шеккен, Ливан астанасы Бейрутта жер сілкінісін сезген.

Түркия ІІМ басшысы Сулейман Сойлу Кахраманмараштағы жер сілкісінінен кейін 22 жерасты дүмпуі болғанын мәлімдеді. Ең қаттысы 6,6 балдық болған.

22 афтершок болды, ең қаттысы – 6,6 балдық, - деп келтірді министрдің сөзін TRT Haber телеарнасы.

Өзгелердің жаңалығы