Түркиядағы сайыста елордалық бессайысшылар чемпион атанды

22 Сәуір 2024, 14:09
265
Бөлісу:
Түркиядағы сайыста елордалық бессайысшылар чемпион атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Бессайыстан Астана қаласының спортшылары Түркияның Анкара қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде командалық жарыста алтын медаль жеңіп алды. Олар аралас эстафетада өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған сында Қазақстан намысын Астана қаласының спортшылары Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко қорғады.

Екінші орынға Египет, үшінші орынға Италия құрамалары орналасты.

Айта кетейік, Елена Потапенко биылғы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған. Ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан жеке жарыста 5-орынды иеленген.

Өзгелердің жаңалығы