Түркияда жасөспірім мектеп жанында оқ атып, 11 адамды жарақаттады

Tүркиядағы мектеп жанында атыс болып, 11 адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026, 20:01
АВТОР
 apnews.com 22 Қыркүйек 2026, 20:01
22 Қыркүйек 2026, 20:01
97
Фото: apnews.com

Түркияның батысындағы Маниса провинциясындағы мектептің жанында қаруланған жасөспірім оқ атып, 11 адам жарақаттанды. Олардың екеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлады Associated Press.

Оқиға 22 қыркүйек күні таңертең Тұргутлұ ауданындағы кәсіптік-техникалық мектептің маңында болды. Жедел қызметтерге атыс туралы хабар жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00 шамасында түскен.

Күдікті шабуылдан кейін көп ұзамай ұсталды. Түрік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, оқ атқан адам – осы мектептің оқушысы. Интернетте жарияланған кадрлардан оқу орнының жанында қолына қару ұстаған адамның жүргенін көруге болады.

Associated Press ақпараты бойынша, шабуыл жасау үшін күдіктінің әжесінің үйінен алынған мылтық қолданылған. Тергеу аясында оның ата-анасы мен атасы да қамауға алынды.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Еске салайық, бұған дейін Филиппинде мектепте атыс болып, төрт адам қаза тапты

Тағы оқи отырыңыз:

Таиландта жасөспірім жеті адамды атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады

Иранда белгісіз адамдар кофеханада оқ жаудырды: екі адам қаза тапты

АҚШ-тың Айдахо штатындағы атыс салдарынан үш адам қаза тапты

Наверх