Теміржолшының қырағылығы төрт жасар баланы қауіптен аман алып қалды.
2026 жылғы 20 қыркүйекте сағат 12:30 шамасында Сарыөзек – Үштөбе учаскесінің Тауарасы – Айнабұлақ аралығында қозғалыстағы жүк пойызының машинисі теміржол төсемінің жанынан Айнабұлақ станциясына қарай жалғыз бағыт алған төрт жасар баланы байқап қалған.
Пойыз шамамен 38 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Машинист қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына мінгізген. Оқиға туралы ол пойыз диспетчеріне дереу айтқан, - деп хабарлады «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Кейін бала Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырылды. Станция кезекшісі баланың ата-анасымен байланысып, оны ата-анасына аман-есен табыстауды қамтамасыз етті.
Тағы оқи отырыңыз: