Түркияның Фетхие қаласының жағалауында бортында 115 жолаушысы бар серуендеу кемесі өртенді. Жолаушылар арасында әйелдер мен балалар да болған. Өрттің тез таралуынан қауіптенген туристер құтқару кеудешелерін киіп, теңізге секірді. Оларға жағалау күзеті мен маңайда болған қайықтар көмекке келді.
Барлық адам құтқарылды: жағалау күзеті мен маңайда болған қайықтар жолаушыларды жағаға жеткізді. Екі турист түтіннен уланып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Бірнеше бала да медициналық тексеруден өтті. Қаза тапқандар жоқ, – деп хабарлады жергілікті билік.
Түркиялық БАҚ-тың мәліметінше, «Император Атила» кемесі Эгей теңізінің жағалауындағы Катранджы шығанағы маңында өртенген.
Алдын ала болжам бойынша, өрт кеменің асүйінде тұтанған болуы мүмкін. Билік өрттің шығу себептерін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. Өрттен зақымданған кеме бұдан былай серуендеуге пайдаланылмайды.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Монтана штатында тауға серуендеуге шыққан 32 жастағы Дэвид Чифальди ажалдан аман қалды. Ол денесіне қадалған таяқпен көмек шақырмай 16 шақырымды жаяу жүріп өтті.
Тағы оқи отырыңыз:
Египетке кіру ережесі өзгерді: Туристер нені білуі керек?