Түркияда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

19 Ақпан 2023, 10:41
1007
Бөлісу:
Түркияда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

Түркияда тағы жер сілкінісі тіркелді. 5,2 магнитудалы дүмпу Кахраманмараш қаласынан солтүстік-батысқа қарай 54 шақырым жерде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Еуропалық-жерорта теңізі флотының сейсмологиялық орталығының мамандары хабарлады. 

Зілзала құрбандарының саны 50 мыңға жуықтады Жалпы осы уақытқа дейін Түркия мен Сириядағы ірі жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың саны елу мыңға жуықтады. Үйінді астында  қалған адамдарды құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Түркияда 40 мыңдай адам құрбан болды. Хабар-ошарсыз кеткендер көп. Елде 345 мың пәтер қирады. Ал Сирияда опат болған тұрғындардың саны сегіз мыңнан асты.

Өзгелердің жаңалығы