Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркияда құрбандық шалу кезінде 14 мыңнан астам адам жарақат алды

7 Маусым 2025, 07:48
10898
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Түркия денсаулық сақтау министрі Кемал Мемисоглу Құрбан айт мейрамында құрбандық шалу кезінде 14 372 адамның жарақат алғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

X әлеуметтік желісінде ол бұл тек жарақатпен медициналық көмекке жүгінгендерге қатысты екенін атап өтті. Жарақат алғандардың ең көп саны ел астанасы Анкарада тіркелді – 1049 адам. Тағы 753-і Стамбулда, 655-і Конияда.

Біз құрбандық шалуды кәсіпқойлар жасау керектігін атап өтеміз, - деп жазды

Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мейрамы алдында азаматтарға қауіп-қатер туралы ескерткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы