Түркияда бірнеше провинцияны сел шайып кетті

25 Маусым 2021, 23:45
2970
Бөлісу:
Түркияда бірнеше провинцияны сел шайып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда бірнеше провинцияны сел шайып кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Түрік елінің бірқатар провинциясында соңғы бір аптада ауа райы күрт бұзылып, төтенше жағдайлар мамандарын тік тұрғызды. 

Егей аймағында соққан қатты дауыл ғимарат шатырларын ұшырып, ағаштарды құлатты. Аймақтың Назилли ауданында лай көшкіні болып, қозғалысты тоқтатты. Ел астанасы Анкара мен Ескишехиде нөсер жаңбыр салдарынан қала көшелері мен көліктер су астында қалды. 

Елдің төтенше жағдайлар басқармасы осыған дейін өңірде дауылды ескерту жариялаған еді. Жергілікті мамандардың айтуынша, нөсерлі жауын-шашын алдағы аптада жалғасады. Сондықтан мамандар тұрғындарды сақ болуға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы