Түркістан облысында адам өлімі тіркелді: Күдікті 9-сынып оқушысы

Қылмысқа күдікті ретінде Төлеби ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №16 мектептің 9-сынып түлегі аталған.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 18:33
Бүгiн 2026, 18:33
410
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Түркістан облысында жас жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде 9-сыныпта оқитын қыз бала ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Төлеби ауданының Ленгір қаласында елсіз жерден 20 жастан асқан ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Оқиға 24 мамыр күні қаладағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінде болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаза тапқан азамат Шымкент қаласының тұрғыны болған. Қылмысқа күдікті ретінде Төлеби ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №16 мектептің 9-сынып түлегі аталған.

Осыған байланысты Түркістан облыстық Полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде.ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды,– деп мәлімдеді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтауда. Тергеу мүддесіне байланысты әзірге қосымша ақпарат жарияланған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында көкпар кезінде жасөспірім көз жұмды

Тағы оқи отырыңыздар: 

Алматыда 3 адамның өліміне себеп болған күдіктінің сот отырысы қалай өтті?

Наверх