Түркияда мектепте атыс болып, 16 адам жараланды

Түркияның Шанлыурфа провинциясында шабуылдаушы мектепте оқ жаудырып, артынан өз-өзіне қол жұмсады.

 gazeteoksijen.com Бүгiн 2026, 15:14
Бүгiн 2026, 15:14
226
Фото: gazeteoksijen.com

Шанлыурфа қаласында мектепке қарулы шабуыл жасалып, салдарынан 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Haberturk басылымының мәліметінше, оқиға Ахмет Коюнджу атындағы Анатолы кәсіптік-техникалық лицейінде болған.

БАҚ-тың хабарлауынша, шабуылдаушы ұзын ұңғылы қарумен алдымен оқу орнының ауласында, кейін ғимарат ішінде оқ жаудырған.

Атыс басталған кезде мектепте дүрбелең орнады. Кейбір оқушылардың терезеден секіріп қашпақ болғаны хабарланды. Оқу орны жедел түрде эвакуацияланды.

Провинция губернаторы Хасан Шылдак шабуылдан 16 адамның зардап шеккенін мәлімдеді. Олардың арасында: 4 мұғалім,10 оқушы, асхана қызметкері, полиция қызметкері бар.

Жараланғандардың төртеуінің жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Губернатордың айтуынша, шабуылдаушы бұрын осы мектепте оқыған, бірақ кейін басқа оқу орнына ауыстырылған.

Полиция қоршауға алған кезде, ол ұсталатынын түсініп, өз-өзіне қол жұмсады, - деді губернатор.

Сондай-ақ, шабуылдаушының 19 жаста болғаны белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылға оның басқа мектепке ауыстырылғанына наразылығы себеп болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Түркияда көшеде Қазақстан азаматын атып кеткені хабарланды. 

Содан кейін ҚР СІМ Стамбулда Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады

Тағы оқи отырыңыздар:

Шығыс Қазақстан облысында жас жігітті атып кетті

Жамбыл облысында әскери бөлімде қарауыл бастығы оқ тиіп, көз жұмды

АҚШ-та белгісіз бір адам барға келушілерге оқ атты

 

Наверх