Түркістаннан Стамбұлға тікелей ұшақ қатынайды

10 Наурыз 2021, 11:34
1745
Бөлісу:
Түркістаннан Стамбұлға тікелей ұшақ қатынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған әуежайдан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билеттер сатыла бастады. «Түркістан – Стамбұл – Түркістан» бағытындағы алғашқы ұшақ 2021 жылғы 21 наурызда көкке көтеріледі деп жоспарланып отыр.

Бастапқыда Түркістан және Стамбұл қалалары арасындағы әуе қатынасы аптасына тұрақты түрде жұма, жексенбі күндері 2 реттік жиілікпен қойылып отыр. Кейін аптасына 7 рейске дейін ұлғайып, күн сайын ұшпақ. Билет бағасы 39 999 теңгеден басталады.

Әуе қатынасы кезінде барлық тиісті санитарлық-эпидемиялық талаптар қатаң сақталады. Ұшу кестелері FlyArystan әуе компаниясының ресми сайтында жарияланып тұрады.

Өзгелердің жаңалығы