Түркістандық өз цехында жалған мемлекеттік нөмірлерді жасап келген

26 Қазан 2023, 18:50
694
Бөлісу:
Түркістандық өз цехында жалған мемлекеттік нөмірлерді жасап келген
VIDEO
Фото: BAQ.KZ - архив

Түркістан облысының полицейлері мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаған цехты анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысының полицейлері мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаған цехты анықтады. 

Тінту кезінде полиция қызметкерлері 103 нөмірлік белгіні, 100-ден астам голограммалық жапсырмаларды және нөмір жасауға арналған арнайы станокты тапты.

Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік құралдары үшін жалған мемлекеттік нөмірлік белгілерді заңсыз дайындаған цехты анықтады. 

Мәселен, "Самара-Шымкент" тас жолында жедел уәкілдер жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүргізген жедел шаралар кезінде Нива автокөлігінің мемлекеттік нөмірі жалған болуы мүмкін екеніне күмәнданды. Полицейлер тез арада жедел әрекет етіп, көлік нөміріне қатысты жұмыстарды атқара бастайды. Осылайша олар көліктің жүргізушісіне таққан нөмірінің басқа адамға тіркелгенін айтып, түсіндіреді. Одан әрі қарай қырағылық танытқан сақшылар арнайы жоспар құрып, жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар кешенін өткізеді. Нәтижесінде Шымкент қаласында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасап жатқан цехты анықтап, оның иесі ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Тінту кезінде полиция қызметкерлері 103 нөмірлік белгіні, 100-ден астам голограммалық жапсырмаларды және нөмір жасауға арналған арнайы станокты тапты, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл факт ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Болған оқиғаның барлық жайы анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы