Түркістандық делегация Өзбекстанда балық шаруашылығы бойынша тәжірибе алмасты

20 Қараша 2021, 16:46
890
Бөлісу:
Түркістандық делегация Өзбекстанда балық шаруашылығы бойынша тәжірибе алмасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барды. Мақсат — балық шаруашылығын дамыту бойынша келіссөздер жүргізіп, тәжірибе алмасу. 

Р. Аюпов бастаған топ «Түркістан облысының балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» іске асыру және балық өнімдерін өндіруді арттыру  бағытындағы жұмыстарды да негізге  алып, бірнеше кездесу өткізді. Кездесулерге Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Инвестиция және экспорт басқармасы және «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның қызметкерлері де қатысты.  

Олар Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында болып, көрші елдегі балық шаруашылығы, өндірістік кооперация және өнеркәсіп аймақтарымен танысып, тәжірибе алмасты. Облыс әкімінің орынбасары балық шаруашылығы және өнеркәсіп саласындағы мүмкіндіктер мен жоспарларды таныстырды. 

Бүгінде Өзбекстан Республикасы балық шаруашылығы саласында елеулі табысқа жетіп жүр. Түркістан облысында да осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр.  Атап айтсақ,  Шардараның балық өнімдері шетелде сұранысқа ие. 

Өзгелердің жаңалығы