Түркістандық дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасады

24 Наурыз 2021, 19:08
1307
Бөлісу:
Түркістандық дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының облыстық балалар ауруханасының кардиохирургтары жүрек ақауымен дүниеге келген сәбиді аман алып қалды. 

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алты сағатқа созылған күрделі отадан кейін сәбидің кеуде қуысы жабылып, кардиохирургия бөліміне ауыстырылған.

Туғанына небәрі үш күн болған нәрестеге жоғары технологиялық бірнеше ота жасалды. 

Соның бірі - жүрек тамырларының транспозициясын түзету операциясы. Сәбидің салмағы небәрі 2400 гр. Нәресте қалалық перинаталдық орталықтан санавиация желісі бойынша ауыр жағдайда түскен. Оған кардиохирургтар, анестезиолог және перфузиолог дәрігерлері бар бригада күрделі радикалды операция жасады. Күрделі ота сәтті аяқталды, - делінген хабарламада.

Туа біткен жүрек ақауын жою үшін Лекомпте маневрімен негізгі тамырларды артериялық ауыстырылды. 

Дәрігерлердің айтуынша, дер кезінде жасалған отаның арқасында сәбидің денсаулығы жақсарды. Бала тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға шығарылды. ОДБ жағдайында оңалту еміне дайындалуда. Жыл басынан бері облыстық балалар ауруханасының кардиохирургтары жаңа туған нәрестелерге осындай 6 ота жасады.

Түркістандық дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасады

Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Түркістан облыстық балалар ауруханасының кардиохирургия бөлімшесінде жыл сайын сәбилердің ашық жүрегінде 250 операция жасалады.  

Олардың 40 пайызы жүрек ақауы бар жаңа туған нәрестелер.  

Түркістан облыстық балалар ауруханасында дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында түрлі оқыту шаралары ұйымдастырылып отырады.

Өзгелердің жаңалығы