Түркістандағы көгалдандыру жұмыстары дұрыс жүргізілді ме?

27 Маусым 2023, 13:01
1084
Бөлісу:
Түркістандағы көгалдандыру жұмыстары дұрыс жүргізілді ме?
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Түркістанда көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ кейбір аудандарда қураған жерлерді көруге болады. Бақылап жатқан мекеме жоқ. БАҚ өкілдері Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өткен брифинг барысында облыс әкіміне сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көгалдандыру мәселесі бойынша 2021-2025 жылдары 2 млрд көшет отырғызу жоспарланған. Бұл бойынша арнайы жол картасы дайындалған. Соған сәйкес облысымызда 110 мың га көшеттер отырғызу жоспарлануда. 

Түркістан айналасына келетін болсақ қала бойынша арнайы бағдарлама қабылданған. Оның негізгі мақсаты сол көгалдандыру жұмысы мен климаттық жағдайды жөндеу. Яғни қала халқына жайлы жағдай жасау. Бекзат мөлтек ауданындағы жағдайды білемін. «Жасыл аймақ» табиғатты қорғау мекемесі құрылған. Сол мекемеге ұңғыма қазу жұмыстары да кіреді. Зерттеп қарасақ жерасты суы жылдан-жылға түсіп бара жатыр. Бұрын 50-60 м су шығатын болса, соған сәйкес жобалық сметалық жұмыстар жасалып, сосын ұңғыма қазатын. Қазір ол 300 м жерге дейін түсіп кеткен. Сондықтан биыл алғаш рет өзіміздің аймақтық аудандастыруға қаржы бөліп отырмыз. Сол егетін көшеттерді аудандастырып, кейін Түркістанның басқа айналасына егетін болсақ өнімділігі жоғары болады, - деді  Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Өзгелердің жаңалығы