Түркістанда жыл басынан бері 100 мыңға жуық көшет отырғызылды

21 Сәуір 2023, 20:32
749
Бөлісу:
Түркістанда жыл басынан бері 100 мыңға жуық көшет отырғызылды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан қаласын көгалдандыру жүйелі жүзеге асып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Былтырғы жылдың нәтижесінде облыс орталығында 200 мыңнан аса ағаш отырғызылып, 60 пайызға жуығы өнген болатын. Ал биыл жыл басынан бері шаһарда 99 847 ағаш көшеті отырғызылды.

Қалада 11 нысан бойынша абаттандыру жұмыстары атқарылып жатыр. Аталған нысандарда жұмыс жүргізуші мердігер мекемелер жерсінбеген ағаштарды өз есебінен қайта отырғызып, жаңартуда.

Түркістанда жыл басынан бері 100 мыңға жуық көшет отырғызылды

Бұдан өзге Түркістан қаласындағы мазараттарда тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, мазарат маңы қоқыстан тазартылып, қоршаулары ретке келтірілді.

Түркістанда жыл басынан бері 100 мыңға жуық көшет отырғызылды

Жалпы тазалық жұмыстары барысында «Қаракөз», «Қарашық», «Батыс», «Христиан», «Шойтөбе» мазараттарынан жарты тоннадан аса қоқыс жиналды. Әр мазаратты тазалау жұмысына 10 қызметкер, екі техника күші жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы