Түркістанда жүк көлігі кәріз құдығына түсіп кетті

11 Маусым 2022, 22:36
2154
Бөлісу:
Түркістанда жүк көлігі кәріз құдығына түсіп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда «Камаз» көлігі қолданыстан шыққан кәріз құдығына құлап кетті. Адамдар аман, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүк көлігінің терең шұңқырға құлап кеткендігі туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Адамдар құбырдан аққан суды өшіріп, «КамАЗ»-ды құдықтан шығаруға тырысады. Бұл оқиғаға қатысты ақпарат таратқан қала әкімдігі опырылып түскен жер бұрынғы кәріз құдығының орыны екендігін айтты.

Бірінші мөлтек аудандағы 14 «б» үйдің ауласында ескі кәріз құдығының орыны анықталды. Қазылған шұңқыр 2012 жылға дейін жатақхананың кәріз құдығы ретінде пайдаланылып келген. 2012 жылы орталық кәріз жүйесі іске қосылғаннан кейін қолданыстан шығып, орыны тегістелген. Құдық бетіндегі бетон жабындысының тозығы жетіп, ауыр жүк көлігінің салмағынан сынып кеткен. Қазіргі таңда оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды, – делінген Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы