Түркістанда жасанды алкоголь өндірген 3 жасырын цехтің жолы кесілді

15 Тамыз 2022, 15:32
990
Бөлісу:
Түркістанда жасанды алкоголь өндірген 3 жасырын цехтің жолы кесілді

ҚМА Түркістан облысы бойынша департаментімен жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын цехтердің жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел-тергеу іс-шаралары барысында бір топ азаматтар Түркістан облысы және Шымкент қаласында орналасқан қойма үй-жайларында жасанды алкоголь өнімін өндіру бойынша 3 жасырын цех жұмыстарын ұйымдастырып, заңсыз өнімді Түркістан облысы аумағында орналасқан сауда орындарына сатқан.

Цехтерде жүргізілген тінту кезінде 5,5 мың дана есепке алу-бақылау маркалары, 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық, 6,5 мың бөтелке арақ, 24 мыңнан аса заттаңба анықталып, тәркіленді. 

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы