Түркістан қаласында облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен "Шаға" жағажайының жаңа маусымы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жағажайдың ашылуында балаларға арналған түрлі ойындар ұйымдастырылды, тегін балмұздақ таратылды. Сонымен бірге көпшіліктің қатысуымен түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұсынылып, байқаулар өтті.
Жағажайға мыңнан астам адам сыяды. Жұмысын алғаш бастаған күннің өзінде оған 200-ге жуық адам келді. Тереңдігі 3 метр көлге түсуде жасқа шектеу жоқ, тек белгілі бір аумақтан аспау керек. Жағажай аумағында қауіпсіздік шаралары толық сақталған.