Түркістанда танысын жұмысқа орналастырамын деп алдаған күдікті анықталды

21 Ақпан 2022, 14:47
1119
Бөлісу:
Түркістанда танысын жұмысқа орналастырамын деп алдаған күдікті анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда танысын жұмысқа орналастырып беремін деп алдаған күдікті анықталды, деп хабарлады Polisia.kz. 

Түркістан қалалық ПБ-ға жергілікті әйел тұрғын танысына алданып, берген ақшасын ала алмай жүргенін айтқан. 

Яғни, арызында 2021 жылдың желтоқсан айында танысы Ресей Федерациясына ұлын жұмысқа орналастырып беремін деп 160 мың теңгесін алып, әлі күнге дейін қайтармағанын көрсеткен. Осылайша алаяққа алданғанын түсінген тұрғын полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. 

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Шұғыл-іздестіру іс-шараларын жүргізген түркістандық қырағы тәртіп сақшылары осы жайтқа қатысы бар күдіктіні тұрғылықты мекенжайынан ұстады. 

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай, күдікті ер адам оңай жолмен ақша табуды көздеп, танысынан алаяқтық жолмен ақша алған. Содан соң оны өзінің қажеттілігіне жұмсап, бірнеше ай бойы алдап келген.
 

Өзгелердің жаңалығы