Түркістанда табиғатты тамашалауға арналған алаңды бүлдіріп кеткен

13 Қараша 2021, 12:21
851
Бөлісу:
Түркістанда табиғатты тамашалауға арналған алаңды бүлдіріп кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында табиғатты тамашалауға арналған бақылау алаңын қиратқан бұзақылар іздестіріліп жатыр. 

Төле би ауданында былтыр жоба құны 15 миллион теңгеге жуық қаржыға салынған орынды көше кезбелері тас-талқан еткен. Орындықтарды қиратып, мәрмәр плиталарды сындырып тастаған. 

Әкімдік қызметкерлері тәртіп бұзушылық туралы полицияға шағымданып, арыз түсірді. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңге. Алатау ауылдық округіне қарасты бұл алаң туристердің тамаша табиғатты көзбен көруіне арналған әсем нүктесі болатын.


Өзгелердің жаңалығы