Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу барысында ТЖ министрі өңірдің қысқы кезеңге дайындығы туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жалпы облыста ұзындығы төрт жүз шақырымнан асатын республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда барлығы 20-дан астам қар басуы ықтимал учаске бар.
Бүгінгі таңда қар ұстайтын қалқандар ұзындығы 9 шақырым болатын 3 учаскеде ғана бар. Осыған байланысты Министр жергілікті атқарушы органдарға күн салқындағанға дейін автожолдардың аса қауіпті учаскелерінде құрылғылар мен ескерту белгілерін орнату бойынша жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.
Түркістан облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуі барысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қысқы кезеңнен қауіпсіз өту үшін күштер мен құралдар топтамасы бекітілгенін, бұл мыңнан астам адам және төрт жүзге жуық техника бірлігі, 14 жылыту пункті дайындалғанын, оның ішінде үшеуі трассалық медициналық-құтқару пункттері (Төрткөл, Қазығұрт, Қызыласкер)екенін атап өтті.
Қыс мезгілінде автожолдарда адам өлімінің алдын алу үшін халықты СМС-хабарламалар арқылы ертерек хабардар ету жүргізіледі, сондай-ақ автожолдардың жабылуы туралы барлық ақпаратты "ДАРМЕН"мобильді қосымшасынан табуға болады.
Көбінесе жүргізушілер ауа-райының нашарлауы және автожолдардың жабылуы туралы хабарламаларды елемейді, жылдамдық режимін және көлік құралдарының дұрыс жұмыс істемеуін елемейді, бұл Оның ғана емес, жолаушылардың да өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Осыған байланысты, Министр жергілікті тұрғындарға «ДАРМЕН» мобильді қосымшасын белсенді пайдалануға, сондай-ақ жүргізушілерге автожолдарда сақтық шараларын сақтауға кеңес берді.